Әлем16 қазан 2023, 12:00

Жексенбі кеші. Израиль және Газа секторындағы жағдай

Израиль қорғаныс күштері Газа секторының солтүстігіндегі тұрғындарға аймақтың оңтүстігіне эвакуациялауға қосымша уақыт берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

▪️ ЦАХАЛ мәліметінше, бейбіт тұрғындар мұны бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін істей алады. Осы уақыт ішінде Израиль армиясы оңтүстікке апаратын тас жол аймағында ешқандай операция жүргізбейді.

«Нью-Йорк Таймс» бұдан бұрын Израиль ауа райына байланысты Газа секторына шабуылын кейінге шегергенін жазған.

▪️ Израиль армиясының хабарлауынша, Газа секторында әуе соққысы нәтижесінде Хамастың Нухба шабуылдау бөлімшесінің рота командирі Биллал әл-Кедр қаза тапқан. Израильдің айтуынша, ол Нирим шекарасындағы кибутцтағы қырғынға жауапты.

▪️ Хамастың Израиль әскерлеріне жасаған шабуылынан қаза тапқандар саны 286-ға жетті, деп жазады The Times of Israel газеті армиядағы дереккөздерге сілтеме жасап. Израильде Хамас шабуылдары салдарынан 1300-ге жуық адам қаза тауып, 3500-дей адам жараланғаны бұрын хабарланған болатын.

▪️ Палестина тарапы Израильдің соққылары салдарынан Газа секторында қаза тапқандар саны 2329 адамға жетіп, 9714 адам жараланғанын хабарлады.

Изриль Газа секторы жаңалықтар

Тақырыпқа жаңалықтар