Журналистер Украинада қаза тапқан ресейлік әскерилердің аты-жөнін анықтады
Журналистер Украинада қаза тапқан 35 780 ресейлік әскери қызметкердің аты-жөнін анықтады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл тек ашық ақпарат көздері арқылы аты-жөні анықталғандар.
Нақты саны кем дегенде бір жарым-екі есе көп болуы мүмкін, деп атап көрсетеді BBC және Mediazona.
Алдыңғы 20 қазандағы жаңартудан бері тізімге 923 адам қосылды.
Бұл соңғы айлардағы орташа көрсеткіш.
Жерлеу рәсімдерінің көпшілігі Свердловск, Челябі және Ростов облыстарына, Башқұртстан мен Бурятияға келеді.
Ресей мен Украина соғыстағы шығынды ашып көрсетпейді.
Ресей Қорғаныс министрлігі соңғы рет өткен жылдың 21 қыркүйегінде 5937 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: