11 жастағы оқушы баспалдақтан құлап көз жұмды
Оқиға 16 қараша күні Қонаев қаласындағы мектептердің бірінде үзіліс кезінде болған. Оқушы үшінші қабаттағы баспалдақ қоршауымен сырғанап түскісі келген. Алайда тепе-теңдігін жоғалтып, екінші қабатқа құлаған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сосын бала жарақат алып, аса ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Оқушының өмірін сақтап қалу үшін республикалық, қалалық және облыстық медициналық мекемелердің балалар нейрохирургтері шақырылған. Олар 17 қарашада балаға шұғыл ота жасады.
Алайда дәрігерлердің екі күндік күресіне қарамастан, бала 18 қараша сағат 10:00-де көз жұмды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: