Қазақстан жаңалықтары1 қараша 2023, 16:55

13 жастағы ақмолалық жол апатына түсті

Ақмола облысында көлік басқарған 13 жасар жасөспірім жол апатын жасап, екі адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Зеренді ауданы аумағында «Көкшетау-Омбы» автожолының 24 шақырымында болған.

Volkswagen Passat автокөлігінің руліне отырған Қызылтан ауылының 13 жастағы тұрғыны жолдың бұрылар тұсында Көкшетау қаласынан Аймақ ауылы бағытында жүріп келе жатқан Lada Priora жол бермеген. Содан екі көлік соқтығысып, жасөспірім «тобық тұсының соқысы, ми шайқалу» диганозымен ауруханаға жетікізлді. Сонымен бірге, оң қолынан соққы алған «Lada Priora» көлігінің жүргізушісі де дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Жасөспірімнің қасында 44 жастағы әкесі бірге болған.

- Осы оқиғаға байланысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 412-бабы (құжаттары және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

 

13 жас Жол апаты Ақмола облысы

Тақырыпқа жаңалықтар