16 қыркүйекте ауа райы қандай болады?

Қазақстанның басым бөлігінде 16 қыркүйекте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда еліміздің солтүстігі, шығысы және батысында жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Қазгидромет» мәліметінше, 16 қыркүйектен бастап батыс циклонының әсерінен еліміздің батыс өңірлерінде жауын-шашын түсіп, жел күшейеді. Ал солтүстік пен шығыста құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал.

Күндізгі ауа температурасы солтүстік пен орталықта +20…+27°C, батыста +19…+30°C, шығыста +18…+25°C, оңтүстік-шығыста +22…+28°C аралығында болады. Ірі қалалар бойынша:

Астана: түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C. Құбылмалы бұлтты, жел 9–14 м/с;* Алматы: түнде +14…+16°C, күндіз +26…+28°C. Құбылмалы бұлтты;

Шымкент: күн жылы болады, ауа температурасы +30°C шамасында болуы мүмкін.

Синоптиктер алдағы күндері ауа райының құбылмалы болатынын ескертті.

Казгидромет Ауа-райы синоптиктер Жауын -шашын

Тақырыпқа жаңалықтар