2022-2024 жылдары елімізде 24 мың студент оқудан шығарылған

2022-2024 жылдары елімізде 24 мың студент оқудан шығарылған. Олардың оқуына 19,6 млрд теңге жұмсалған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Соның ішінде 10 мың студент бойынша жүйеде пайдаланылған гранттар сомасы туралы мәлімет мүлдем жоқ. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Тілеген Каскин мәлімдеді.

«Бұл ретте оқудан шығарылған студенттер бойынша қаражатты қайтарудың толыққанды тетігі жоқ. Сонымен қатар, міндетті жұмыспен өтеуден жалтарудың магистратураға түсіп, кейін оқудан шығу арқылы жүзеге асырылатын қосымша схемасы да қалыптасқан. Тек осы санат бойынша мемлекетке келтірілген болжамды залал 10,8 млрд теңгеге бағаланады», – деді спикер.

Тағы 1,5 мыңға жуық адам «жұмыс іздеуші» мәртебесінде тіркелген.

Студент оқу шығу Қаржы

Тақырыпқа жаңалықтар