21 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бүгін антициклон әсерінен республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын шашынсыз болады, деп хабарлайды Arbat.media.

Тек елдің батысында, солтүстігінде ғана циклон және атмосфералық фронтальды бөлімдер ықпалынан найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жауады.

Солтүстікте дауыл тұрып, батыс пен солтүстікте жел күшейеді деп болжануда. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, шығысында түнгі уақытта тұман түседі

Астанада күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +24+26°C, желдің жылдамдығы күндіз 9-14 м/с.

Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +26+28°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Шымкентте күн ашық. Күндіз ауа температурасы +33+35°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

 

Ауа райы Ақпарат бүгін қандай

Тақырыпқа жаңалықтар