21 сәуірге арналған ауа райы
Мамандар 21 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arbat.media.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстіктегі және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда ауа райының тұрақсыз сипаты сақталып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыста қар аралас жаңбыр жауады.
Ел бойынша жел күшейеді. Оңтүстік-батыста дауыл тұрып, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарын тұман басып, күндіз шығыста бұршақ жауады.
Түнде Алматы облысының шығысы мен тау бөктерлі аудандарында, Жамбыл облысының оңтүстігінде 1-3 градус үсік жүреді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: