21 тамызға арналған ауа райы болжамы
Қазақстанда 21 тамызда ауа райы әр өңірде әртүрлі болады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Кей жерлерде күн ыстық болса, жекелеген аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.
Алматыда күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы +20…+22 градус, күндіз +30…+32 градусқа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. <
Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Жауын-шашын күтілмейді, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Түнде +7…+9, күндіз +21…+23 градус жылы болады.
Шымкентте күн ыстық болады. Жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы болжанып отыр. Түнде +19…+21, күндіз ауа температурасы +35…+37 градусқа дейін жетеді. Жел секундына 8–13 метр жылдамдықпен соғады.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Алматыда температура төмендей бастайды, ал Астана мен Шымкентте де ауа райы өзгереді.