Қазақстан жаңалықтары22 маусым 2024, 12:00

213 дерек: Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын көтерген

Алматы базарларында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауар бағасын заңсыз көтерген 213 деректі өңірлік комиссия анықтады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылатын 15%-дық сауда үстемесінің сақталуын қамтитын және делдалдарға тосқауыл қою үшін құрылған өңірлік комиссия жұмыс істейді, - деп хабарлайды Arbat.media.

 Экономикалық тергеу, сауда, мемлекеттік кіріс, бәсекелестікті қорғау және дамыту, техникалық реттеу департаменттері, аумақ инспекциясы, Алматы қәсіпкерлер палатасының өкілдері комиссия құрамына кіреді.

Комиссия мүшелері тұрақты негізде қаланың «Түрксіб», «Арыстан», «Сары-Арқа», «Тау-Самалы», «Көк базар», «Тастақ», Ақ-Бұлақ», «Барыс-4» және тағы сол секілді негізгі азық-түлік базарларында баға белгілеуді бақылау бойынша іс-шаралар өткізіп отырады.  «Барыс-4» базарын тексеруде өңірлік комиссия 54 кәсіпкердің қызметінде заң бұзушылықтарды анықтады, оның 29-ы тауардың бағаларын көрсетпей сатса, 25-і әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылатын 15%-дық сауда үстемесін қымбаттатқан. Олар әкімшілік жауапқа тартылды.

Биыл өңірлік комиссия жұмысының қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылатын 15%-дық сауда үстемесін қымбаттатудың барлығы 213 жайты анықталып, 198 әкімшілік хаттама жасалып, 25 тиімсіз делдал жойылыпты. 

213 дерек Алматы тауар азық-түлік бағасы

Тақырыпқа жаңалықтар