Тағы 3 өңірде орташа жылдамдықты бақылау камералары іске қосылады
9 қарашадан бастап республикалық маңызы бар үш автожолда орташа жылдамдықты бақылайтын алты аймақ іске қосылады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алматы-Қорғас, Қарағанды-Бұрылбайтал мен Қызылорда-Арал автожолдарында көліктердің орташа жылдамдығы бақылана бастайды. ҚазАвтоЖол-дың мәліметінше, Алматы – Қорғас автожолындағы Ұйғыр – Панфилов учаскесінде көлік қозғалысының жылдамдығы сағатына 120 шақырым болып белгіленді.
Қарағанды – Бұрылбайтал бағытындағы Шұбартүбек – Гүлшат және Гүлшат – Тасарал учаскелерінде 140-пен жүруге рұқсат етілген.
Ал, Қызылордадан Аралға қарай үш аймақ белгіленген. Барлығындағы орташа жылдамдық бірдей – сағатына 100 шақырым. Көлік жылдамдығы тек камера орнатылған жерде емес, бүкіл бақылау аймағында есептеледі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: