2,5 млрд Gmail қолданушысының деректері тарап кеткен
Бас прокуратура мен Қоғамдық қауіпсіздік орталығы Google деректер базасының бұзылғанын хабарлады. ShinyHunters хакерлік тобы 2,5 миллиард Gmail аккаунтына қатысты байланыс деректерін заңсыз иемденген, деп хабарлайды Arbat.Media.
Шабуыл әлеуметтік инженерия арқылы жүзеге асқан: алаяқтар Google қызметкерін алдап, IT-жабдыққа қол жеткізуге мәжбүрлеген және Salesforce Data Loader қосымшасын заңсыз пайдаланған.
Бас прокуратура қазақстандықтарға мынадай қауіпсіздік шараларын ұсынады:
Құпиясөзді ауыстыру;
Екі факторлы аутентификацияны қосу;
Google атынан келген күмәнді қоңырау/хаттарға сенбеу;
Артық рұқсаттарды шектеу, құрылғыларды бақылау.
Мамандар азаматтарды деректерін қорғауға және аккаунттарын тұрақты тексеріп отыруға шақырады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: