Қазақстан жаңалықтары31 қазан 2023, 15:45

300-ден астам тарихи-этнографиялық ескерткіш табылды

Солтүстік Қазақстан облысында биыл «Мәдени-тарихи үрдіс контекстіндегі Солтүстік Қазақстан: тас дәуірінен бастап қазіргі заманғы этнографияға дейін» атты жоба басталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Өңірде бір жазда 300-ден астам тарихи-этнографиялық ескерткіш ашылды.

Биыл Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының бастамасымен СҚО-ның тас дәуірінен бастап осы заманғы этнография ескерткіштерін анықтау мақсатында бағдарлама қолға алынды.  

Тарихшы-археологтар жаз айларында өңірдің 7 ауданында — Есіл, Шал ақын, Тимирязев, Айыртау, Жамбыл, Мамлют және Мүсірепов атындағы аудандарда жұмыс істеді.  

11 археологиялық отряд құрылды.

Мамандар Қостанай және Павлодар облыстарын да қамтыды.  

Жиналған материал негізінде СҚО-ның археологиялық каталогы жасалады. 

СҚО Мәдени-тарихи үрдіс контекстіндегі Солтүстік Қазақстан этнографиялық ескерткіш Тарих

Тақырыпқа жаңалықтар