5 жасар бала терезеден құлап көз жұмды
Көкшетауда 5 жасар бала 6-қабаттың терезесінен құлап көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.media.
Бала оқиға орнында қайтыс болды. Ресми мәлімет бойынша, бала терезе маңында ойнап жүріп, төмен түсіп кеткен. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Құқық қорғау органдары ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды ескертті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: