Қазақстан жаңалықтары27 желтоқсан 2023, 16:12

50 адамды алдап соққан қашқын әйел қамалды

Павлодардан қашып, Краснодарда ұсталды. 50-ден астам жәбірленушіні алдап, ақшасын жымқырған павлодарлық әйел ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

 Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты.

Павлодарлық әйел 50-ден аса адамнан екі жылдың ішінде 400 миллион теңге сомасындағы қаражатты жымқырып, Ресейге қашып кеткен.

Кәсіпкерлікті өрістетіп, қарттарға арналған ақылы пансионат ашу мақсатынде қыруар қаржыны алғаны анықталды.

Күдікті Краснодар қаласындағы жалдамалы пәтерден ұсталып, осы қаланың тергеу изоляторына қамалды.  

Павлодарлық жедел уәкілдер биылдың өзінде іздеу жарияланған 155  қылмыскерді тапты.

 

алаяқ әйел павлодар

Тақырыпқа жаңалықтар