Қазақстан жаңалықтары8 қараша 2023, 21:35

55 жасқа толған шахтерлерге төленетін әлеуметтік төлем

2024 жылдан бастап зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін 37 мың адамға арнайы әлеуметтік төлем алады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты.

«Орташа есеппен алғанда, арнайы әлеуметтік төлем 200 мың теңгені құрауы мүмкін. Оның құрамында төрт бағыттан төленетін қаражат қамтылады. Біз бұған дейін 1,5 шамасында ең төмен күнкөріс деңгейін белгілеген едік. Депутаттар, оны 2 ең төмен күнкөріс деңгейіне дейін жеткізуді ұсынды. Бұл ретте төрт қаржы көзінен алынатын жалпы арнайы әлеуметтік төлем 200 мың теңгеден асып түсуі мүмкін», - деді А. Сарбасов.

Арнайы әлеуметтік төлем бірнеше компоненттен тұрады және төрт қаржы көзі қамтылады. Біріншіден, республикалық бюджеттен 1,5 шамасында ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде арнайы кәсіптік төлем бар. Екіншіден, БЖЗҚ-дан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен жинақталған зейнетақы жинақтарын ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналары есебінен де іске асырылады. Үшіншіден, өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялардан 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде ескеріледі. Төртіншіден, жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 1 ең төмен күнкөріс мөлшерінде жүзеге асырылады.

«Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адам 55 жасқа толса, арнайы әлеуметтік төлемді осы адамдар 63 жасқа дейін алады. Кейін бұл азаматтарға зейнетақы төленеді, яғни арнайы төлем тоқтайды», - деді вице-министр.

Сонымен қатар ол бұл мүмкіндікті пайдалана алатын адамдардың санын айтты.

«55/7 критерийлері бойынша (жұмысшы 55 жасқа толып, жеті жыл еңбек өтілі болуы тиіс) қазір бізде осындай адамдар жұмыс істейтін 1400-ге жуық кәсіпорын бар. 2024 жылы бұл құқықты 37 мың адам пайдалана алады, яғни олар зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеп жатыр. Егер салалар бойынша айтсақ, онда басым үлесі тау-кен секторы мен өңдеу өнеркәсібіне тиесілі», - деді А. Сарбасов.

55 жас шахтер әлеуметтік төлем

Тақырыпқа жаңалықтар