“58, 47, 45 жас": Абай облысында 3 ер адам өзенге ағып мерт болды
Абай облысында үш ер адам өзенге ағып кетті, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы облыстық ТЖД мәлімет таратты. Қайғылы оқиға 15 сәуір күні Ақшәулі ауылында болған. Деректерге сүйенсек, шаруа қожалықтың 3 жұмысшысы аспалы көпірден өтуге тырысқан. Алайда өзенге құлаған.
Төтеншеліктер іздестіру жұмысын тез арада бастаған.
Алайда бүгін 58, 47 және 45 жастағы үш адамның мәйіті табылды.
Айта кетейік, Астанада мектеп оқушысы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: