62 жастағы әйел 34 әшекейді интим жеріне жасырып өтпек болған
62 жастағы әйел 34 әшекейді интим жеріне жасырып өтпек болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ол зергерлік бұйымдарды Каспий теңізі арқылы қатынайтын Әзірбайжан паромымен елге заңсыз жеткізбек болған
Десе де ол шекара бекетіне келгенде ұсталған. Себебі әйел жүруге қиналып, қолын ішіне қайта-қайта қоя берген. Бұл шекарашылардың күдігін туғызған.
Тексеру барысында одан 34 алтын бұйым табылған. Олардың қатарында сақина, білезік және сырға болған. Зергерлік бұйымдар тәркіленді. Қазір аталған факті бойынша тексеру жүріп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: