Қазақстан жаңалықтары30 мамыр 2025, 18:00

"7 баланың анасын күйеуі терезеден лақтырып өлтірді": Балалардың тағдыры туралы тың дерек

Шымкенте 42 жастағы 7 баланың анасы көпқабатты үйдің ауласынан табылды, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Туыстары оған күйеуі зәбір көрсетіп, өлтірді деп күдіктенді. Көп ұзамай ер адам қолға түсті.

Журналист Гүлмира Әбіқай жан-жаққа тарап кеткен 7 баланың басын қосып, халықтың қаражатына үй алып берді. Олардың қазіргі жағдайы туралы да журналист хабардар етті.

"7 баланың халі қалай? Директке көп келетін сауалдың бірі осы.

Шымкенттегі анасыз қалған 7 баламен өзім күнара сөйлескенімен жаңалығын сіздермен бөліспегелі көп болды.

Балалардың бәрі сол барша оқырманым жиылып әперген 3 бөлмелі пәтерде тұрып жатыр. Қос әпкесін өмір тез есейтті. 5 бауырдың қамымен біреуі жұмыс істеп, бірі үйге, балаларға қарап тірлік кешуде. 3 бала мектепті жақсы тәмамдады. Алғыс хат алыпты. Кішкентай Бакалек пен Жанека ойнағандарына мәз.

Сырт көзге бәрі бұрынғыдай, ұйып отырған бауырмал отбасы. Айтпақшы, өз әйелін ұрып-соғып терезеден лақтырды деп күдікке ілінген 7 баланың әкесіне қатысты сот кеше басталды. Сотталсын деп ешкімге тілемеуші ем, амал нешік?!”, - деп жазды журналист.

Шымкент Әйел Бала өлді

Тақырыпқа жаңалықтар