Ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге дейін көтеріледі
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Қазір Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Сонымен қатар біз жалақының ең төменгі мөлшерін кезең-кезеңімен көбейте береміз. Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын.
Осы міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылуға тиіс. Бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: