89 жастағы зейнеркер туыстарын ұрғаны үшін істі болды
Зейнеткердің жиені оқиғаның жай-жапсарын айтып берді. Оның айтуынша, бірнеше жыл бұрын туыстары Астанада тұрған қарт әйелді Ақмола облысындағы Макинск қаласына көшуге көндірген. Кейін олар зейнеткердің ақшасы мен жылжымайтын мүлкін иемденіп, баспананы өз аттарына рәсімдеп, сатып жіберген, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жағдайды естіген әже қатты күйзеліске түсіп, инсульт алған. Алайда, бұдан кейін де туыстары тарапынан қысым жалғаса беріпті. Көпқабатты үйдің кіреберісінде болған жанжалдан соң, туысын ұрды деген айыппен күтпеген жерден 89 жастағы әйелдің өзі жауапқа тартылған.
Жиенінің айтуынша, қарт әйелге түзеу жұмыстары жазасы тағайындалған. Алайда қазіргі таңда зейнеткердің өздігінен қозғалу мүмкіндігі жоқ көрінеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: