Абай облысында 70 жастағы ер адамды ит қауып мерт қылды

Абай облысындағы аудандардың бірінде ит қауып алған 70 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Абай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тоқтабаева айтты. Қайғылы жағдай ер адамның дәрігерге дер кезінде барып, екпе алмағанынан болған.

"Науқас ауруханаға құтырманың айқын белгілерімен түсті. Вирус орталық жүйке жүйесін зақымдап үлгерген. Өкінішке қарай, оны аман алып қалу мүмкін болмады", – дейді департамент басшысының орынбасары.

Ит Абай облыс қапты

Тақырыпқа жаңалықтар