Абай облысындағы жарылыс: Полиция тергеу жүргізіп жатыр
Үржар ауданындағы жарылыс салдарынан 18 шаршы метр алаңдағы қазандықтың шатыры жартылай опырылып түскен. Тергеу барысы Абай облысы ПД басшылығының жеке бақылауына алынды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 22 қараша сағат 10:30 шамасында Үржар ауданында жылу қазандығы жарылды. Салдарынан қазандық қызметкері түрлі дене жарақаттарын алды, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
— Осы фактіге қатысты еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша алдын ала тергеу басталды. Материалдар арнайы тергеу жүргізу үшін уәкілетті органға жіберілді. Тергеу барысы Абай облысы ПД басшылығының бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайды, — деді Үржар аудандық полиция бөлімі ЖПҚБ бастығы Мұхтар Құрманғалиев.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: