Қазақстан жаңалықтары22 қаңтар 2024, 13:36

Абылай Мырзахметовтің соты жабық өтеді

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовтің ісі жабық қаралады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы судья Айжан Күлбаева мәлім етті.

«Мемлекеттік айыптаушы қылмыстық істі жабық сот режимінде қарау жөнінде өтініш берді. Прокурорға куәгер Г. жеке басы мен отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін уайымдайтынын айтып, істі жабық қарауды сұраған. Айыптаудың мән-жайын ескере отырып, куәгерлер мен оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот мемлекеттік айыптаушының өтінішін қанағаттандыру және осы қылмыстық істі жабық сот отырысында қарау қажет деп санайды», — деді судья Айжан Күлбаева.

 

Абылай Мырзахметов сот

Тақырыпқа жаңалықтар