Айбек Смадияров Тоқаевтың баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды

Айбек Смадияров Тоқаевтың баспасөз хатшысы болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Ал бұл қызметті атқарған Руслан Желдібай лауазымынан босатылды.

Еске салайық, бұған дейін Смадияров Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. Бұл қызметке ол былтыр 15 желтоқсанда тағайындалған еді.

Тоқаев баспасөз Хатшы ауысты

Тақырыпқа жаңалықтар