Әйелдер колониясындағы байқауда қағаздан салмағы 40 кг көйлек "тігілді"
Әйелдер колониясында қағаздан салмағы 40 кг көйлек "тігілді", - деп хабарлайды Arbat.media.
СҚО әйелдер колониясында өткізілген «Мекеме аруы» байқауында қағаздан салмағы 40 келілік қазақтың ұлттық көйлегін қазылар алқасының алдына шығарған. Биылғы «Мекеме аруы» байқауында колониядағы әелдерге шығармашылық қырынан көрінуге мүмкіндік берілді дейді СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметі.
Қыз-келіншектер өзін таныстырып, сосын дефиле көрсетіп, кейін білім жағынан жарысып, солайша бірнеше кезеңмен өтті.
«Алты әйел іріктеліп, олар бір айдан аса дайындалды. Өздері киім тігіп барын салды. Қазылар алқасына №48 және №66 мекеме бастықтарының орынбасарлары, қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері және департаменттің мамандары кірді», - дейді ұйымдастырушылар.
Қатысушы Гүлбаршын Серімбетова қағаз көйлегімен ерекшеленіп, қалған сайыстардан да абыроймен өтті. Гүлбаршын қазақ ұлттық көйлек, қамзол мен сәукелеге 1200 бет қағаз, синтепон, бірнеше метр мата жұмсаған.