Алатауда ұшатын такси іске қосылады

Қазақстан жаңа Алатау қаласында аэротакси жобасын қолға алып жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ел шамамен 300 млн доллар көлемінде электрлі әуе көліктерін сатып алуды жоспарлап отыр.

Бұл ұшатын құрылғылар тікұшақ секілді тік ұшып-қона алады және елдегі алғашқы қалалық әуе көлігі жүйесінің негізі болмақ.

Жоба аясында Алатауда сынақ орталығы ашылып, аппараттарды сертификаттау жүргізіледі. Кейін аэротакси Алатау мен Алматының көлік инфрақұрылымына интеграцияланады.

Вице-премьер Жаслан Мәдиевтің айтуынша, бұл бастама Алатауды болашақ технологияларына негізделген инновациялық қала ретінде дамытуға серпін береді.

Алатау Қазақстан аэротакси жоба

Тақырыпқа жаңалықтар