Қазақстан жаңалықтары13 қараша 2023, 22:08

Алаяқ қыз құрбыларының атынан 9 млн теңге несие алған

Өскеменде құрбыларының атынан 9 млн теңге несие алған қыз ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Полицияға жүгінген 23 жастағы қала тұрғыны алаяқтыққа тап болғанын жеткізді, - дейді ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметі.

Ол құрбысының алдап, 3 200 000 теңгеден астам сомаға онлайн несие ресімдегенін айтты. Жәбірленуші несие туралы банк қызметкерлері қоңырау шалған кезде ғана білген. Арыз түскен соң тәртіп сақшылары жедел-іздеуге кірісіп, 22 жастағы күдіктіні ұстады.  

Тергеуде оның осыған ұқсас тағы 2 алаяқтық жасағаны анықталды.

«Ол екі құрбысынан қоңырау шалып алу үшін ұялы телефонын сұрап, кейін банк қосымшасы арқылы 1 және 5 млн теңгеге несие рәсімдеп, ақшаны өз шотына аударған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», - делінген ақпаратта.

Өскемен алаяқ қыз Несие

Тақырыпқа жаңалықтар