Алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды

Қызылордада алаяқтық жасап, ірі көлемде ақша ұрлаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қызылорда қаласының 35 жастағы тұрғыны полицияға жүгініп, өзін алдап кеткен әйел туралы арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, күдікті оның сеніміне кіріп, «Түркиядан алтын бұйымдар жеткізіп беремін» деп уәде берген. Алайда ол алаяқтық жолмен жәбірленушіден 3 миллион теңге көлемінде ақша алған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті қолға түсті. Қазіргі уақытта оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Ірі, алаяқ

Тақырыпқа жаңалықтар