Қазақстан жаңалықтары30 қазан 2023, 14:30

Әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Жетісу полицейлері әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасаған күдіктіні қолға түсірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

34 жастағы ер адам әзірге алаяқтықтың 5 дерегі бойынша күдікке ілінді.

Тергеу кезінде күдікті азаматқа Талдықорған соты қамауда ұстауға санкция берді.

Күдікті Алматының тұрғыны.

Тергеу материалдарында әзірге талдықорғандық бес жәбірленуші бар.

Ер адам құрылыс материалдары мен түрлі дәнді дақыл сатып алу, сатуды жүзеге асыратын түрлі қосымша қолданған. Келіссөздерде ол сатып алушы, делдал және сатушы ретінде әрекет етті.

Бес дерек бойынша жалпы шығын 2 млн теңгеден асты, – деді Талдықорған қалалық ПБ бастығының орынбасары Данияр Қабжасаров.

Ұсталған адамның алаяқтыққа байланысты басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Полиция азаматтарды интернет кеңістікте қаржылық мәміле жасасу кезінде сақ болуға шақырады.

 

Жетісу әлеужелі алаяқ

Тақырыпқа жаңалықтар