Алимент төлеуден қашқан “әке” үйіндегі қуыстан табылды

Ташкентте алимент төлеуден жалтарған ер адам өз үйіндегі қуысқа жасырынған, деп хабарлайды Arbat.media.

Жергілікті басылымның мәліметінше, ер адам балаларына бір жылға жуық алимент төлемеген.

Сот шешіміне сәйкес, Ташкент тұрғыны табысының жартысын балаларына беріп отыруға міндеттелген. Алайда ол 2024 жылдың сәуірінен бастап із-түзсіз жоғалған. Полиция ер адамға іздеу салды.

Нәтижесінде ер адам өз үйінен табылды. Ол екі қабырғаның арасындағы қуысқа тығылған.

Әке, алимент

Тақырыпқа жаңалықтар