Қазақстан жаңалықтары25 қазан 2023, 21:10

Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қырғызстанда жүр

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов үкімет деңгейіндегі бірқатар ірі іс-шараға қатысу үшін Бішкек қаласына (Қырғызстан) жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚазАқпарат жариялады. 

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің отырысында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының кеңістігінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі шаралар талқыланады.

ТМД елдері Үкімет басшылары кеңесі мен Еуразиялық үкіметаралық кеңес шеңберінде кең ауқымдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау жоспарланған.

Оның ішінде геодезия және картография саласындағы өзара іс-қимыл, тауарларды сертификаттау және кедендік декларациялау, өнеркәсіптің түрлі салаларында кооперациялық жобаларды іске асыру, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен қадамдар қаралады.

Іс-шаралар қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады деп күтіліп отыр. 

Әлихан Смайылов Қырғызстан жұмыс сапары
23 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
23 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
23 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар