Алматы әкімдігі Дженнифер Лопестің концертін өткізуге дайын

Алматы әкімдігі 10 тамызда қалада өтетін Дженнифер Лопестің концертіне дайындалу сәтінен видео жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.

"Мегаполистің Орталық стадионында әлемдік жұлдыздың ертеңгі концертіне соңғы дайындықтар жүріп жатыр.

Күні-түні жұмыс істеп жатқан 220-дан астам маман көпдеңгейлі сахнаны құрастырып, жарық пен дыбыс жүйелерін орнатып, фан-аймақтар мен VIP-кеңістіктерді жабдықтауда.

10 тамызда Алматы әлемдік поп-музыканың орталығына айналып, көрермендерге Джей Лоның керемет шоуын сыйлауға толықтай дайын", - делінген әкімдік хабарламасында.

Еске салсақ, бүгін Алматыда әлемдік деңгейдегі поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің концерті өтеді.

Лопес Әнші Алматы әкімдігі
8 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
7 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
8 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар