Қазақстан жаңалықтары17 қаңтар 2024, 10:00

Алматы әуежайының автотұрағында баға өзгереді

Алматы халықаралық әуежайы вокзал алаңы мен жабық автотұрақ кешені аумағында көлік қоюға жаңа тарифтер енгізбек, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

Жаңартылған тариф енді мынадай болады:

— 15 минутқа дейін — төлемсіз, күніне екі реттен көп емес;
— 15 минуттан 1 сағатқа дейін — 500 теңге;
— 1 сағаттан 2 сағатқа дейін — 700 теңге;
— 2 сағаттан 4 сағатқа дейін — 1000 теңге;
— 4 сағаттан 6 сағатқа дейін — 1500 теңге;
— 6 сағаттан 12 сағатқа дейін — 2400 теңге;
— 12 сағаттан 24 сағатқа дейін — 3500 теңге;
— 24 сағаттан астам, кейінгі толық және жарты тәулікке — 5 000 теңге;

Ал жоғалған талонды қалпына келтіру 500 теңге тұрады.

«Тұрақ аумағында ұзақ уақытқа қалдырылған көліктердің күнделікті санының артуы негізгі тұрақ инфрақұрылымына әсер етіп жатыр. Біз оңтүстік автотұрақты ұзақ және қысқа мерзімді пайдалануға ұсынамыз. Оңтүстік автотұрақ аймағында тарифтер өзгеріссіз қалады» делінген хабарламада. 

Жаңа тариф 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Алматы Әуежай жаңа тариф автотұрақ

Тақырыпқа жаңалықтар