Қазақстан жаңалықтары25 желтоқсан 2023, 23:30

Алматы облысында өрт сөндіру кезінде бөлімше командирі қайтыс болды

Алматы облысы Қарасай ауданы Көкөзек ауылындағы өртті сөндіру барысында 19-МӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты көз жұмды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Arbat.media.

«25 желтоқсанда сағат 16.56-да Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру есептоптары Қарасай ауданы Көкөзек ауылындағы өртті сөндіруге шықты. Қызметтік борышын атқару кезінде екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіру барысында 19-МӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Уәли Әділет Аянұлы қайтыс болды», - деді Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жедел-тергеу тобы оқиға орнында жұмыс жүргізуде.

«ТЖМ Әділет Аянұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Ол сауатты, өз ісінің маманы ретінде мәңгі есімізде қалады», - деп жазылған хабарламада.

Алматы облысы Өрт Уәли Әділет Аянұлы қайтыс болды

Тақырыпқа жаңалықтар