Алматы облысында қоқыс полигонындағы өрт толықтай сөндірілді

Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында шыққан өрт толықтай сөндірілді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Өртті сөндіруге Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстарының, Абай және Жетісу облыстарының төтенше жағдайлар департаменттерінің күштері мен құралдары, 28237, 52859 және 68303 әскери бөлімдері, сонымен қатар,ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандары жұмылдырылған.

Айта кетелік, 15 қыркүйекте таңертең Алатау қаласы Әли ауылының маңында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағында өрт шыққан

Алматы қоқыс Өрт сөнді

Тақырыпқа жаңалықтар