Алматы облысында жеке сот орындаушылары құмар ойындарға 180 миллион теңге жұмсаған

Алматы облысында 20 жеке сот орындаушысының букмекерлік кеңседе тұрақты түрде ойын шоттарын толықтырып, құмар ойындарға жүйелі түрде қатысқаны анықталды, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Олардың ойын шоттарына аударған қаражатының жалпы көлемі 180 млн теңгеге жуықтады. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. 

Тексеру нәтижесінде олардың біреуі үш жыл ішінде ойын шотына 139 млн теңге, тағы бірі 26 млн теңге аударғаны белгілі болды.

Аталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актілері Әділет департаменті мен Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданып, заңда көзделген шараларды қабылдау мәселесі көтерілді.

Алматы сот Құмар ойын факт

Тақырыпқа жаңалықтар