Алматы облысындағы қоқыстан шыққан өрт оқшауланды

Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт оқшауланды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бірнеше күн бойы өртенді. Өрттен шыққан түтін Алматыға дейін жетті. Әсіресе Алатау ауданында қатты сезілді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, күйік иісі қалыпты өмір сүруге кедергі келтірген.

Алапат өртке байланысты 18 қыркүйекте Алатауда төтенше жағдай режимі енгізілді. Тұрғындарға сабыр сақтап, ресми мәлімдемелерге құлақ асу ескертілді.

Өртенген қоқыс полигоны Алматыны әлемдегі ең лас қалалардың қатарына шығарды. 16 қыркүйекте мегаполис ауасы ең қатты ластанған қалалардың әлемдік антирейтингінде екінші орынға тұрақтады.

Өрт Алматы қоқыс ТЖМ

Тақырыпқа жаңалықтар