«Алматы – Варшава»: Жаңа әуе рейсі іске қосылады

Варшава – Алматы – Варшава бағытында қатынайтын жаңа әуе рейсі іске қосылады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы LOT Polish Airlines Польша ұлттық әуе компаниясы хабарлама таратты. Алғашқы рейс 2026 жылы 31 мамыр күні ұшады деп жоспарланған.

Алматы халықаралық әуежайының мәліметінше, рейстер жазғы маусымда аптасына төрт рет, яғни сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері және қысқы маусымда аптасына үш рет - дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері орындалады.

Ұшу уақыты Варшавадан шамамен 6,5 сағатты құрайды, кері бағытта ұшу уақыты бір сағатқа ұзақ болады.

Варшава Алматы әуе рейсі Ұшақ

Тақырыпқа жаңалықтар