Алматыда 16 жастағы жасөспірім биіктен секіріп мерт болды

Алматыда 16 жастағы жасөспірім шатырдан секіріп, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға кеше, 27 қаңтарда Розыбакиев – Сәтпаев көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім қоштасу хатын қалдырған екен. Бұл ақпаратты полиция растады.

«Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Алматы Жасөспірім оқиға көз жұмды

Тақырыпқа жаңалықтар