Алматыда 52 адам табиғи газдан уланды
Алматы-2 теміржол вокзалында 52 адам табиғи газдан уланып қалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы-2 теміржол бекетіне келген пойызда 52 адам көміртегі тотығынан (угарный газ) уланып қалды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлық науқас жедел тексерістен өтті. Нәтижесінде 10 бала ауруханаға жатқызылды, оның екеуі жансақтау бөлімінде.
Оқиға орнына 13 жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.
«Қазақстан темір жолының» мәліметінше, оқиға орын алған пойыз «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ына тиесілі емес, жеке тасымалдаушыға қарасты.
«Вагондар түсірілім үшін киностудияға берілген»,-деп хабарлады компания.
Оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар тексеріп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: