Қазақстан жаңалықтары12 қазан 2023, 9:00

Алматыда «Алтын Орда» маңындағы эстакада ашылды

Алматыда «Асыл Арман» тұрғын үй кешені маңындағы эстакада мен жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«ҚазАвтоЖол» АҚ ұлттық компанияның мәліметінше, «Алматы-Бішкек» автожолындағы «құбыр» үлгісіндегі жолайрық пен Райымбек ауылына бұрылыстағы қосымша жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы толық аяқталды. Нысан пайдалануға берілді.

«Жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі пандус және арнайы платформамен қамтылды. Түнгі уақытта пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нысанда заманауи жарықдиодты шамдар орнатылды», - деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

 

Алматы Алтын Орда эстакада

Тақырыпқа жаңалықтар