Алматыда автобус апатқа ұшырап, бір әйел көз жұмды
Фото: Видеодан алынған кадр
beyne ékran
Қазақстан жаңалықтары5 қазан 2024, 1:56

Алматыда автобус апатқа ұшырап, бір әйел көз жұмды

Алматыда қоғамдық көлік пен Mitsubishi соқтығысып, бір адам қаза тапты. Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінен мәлім еткендей, жол-көлік апаты бүгін түскі сағат 14:48-де Алматының Жетісу ауданында болды.«Mitsubishi» маркалы көліктің жүргізушісі Солтүстік айналма көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Бөкейханов көшесінің қиылысында жеке тасымалдаушыға тиесілі № 58-ші бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысқан, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Жол апаты салдарынан «Mitsubishi» көлігінде отырған әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкеп соқтырған апат бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды»,- деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 26 маусым күні Алматыда автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза тапқан болатын.

Жол-көлік оқиғасына «5:32» сериалының продюсері себепкер болған.

Кейін күдікті деп танылған жеңіл көлік жүргізушісі Анель Сартаева тергеу уақытында үй қамағында болатыны туралы жазған едік.

Айта кетейік, Алматының қоғамдық көліктері соңғы 4 жылда 920 мәрте жол апатына ұшыраған.

Алматы автобус Әйел өлім

Тақырыпқа жаңалықтар