Алматыда екі ер адам көлікке оқ жаудырды
Алматыда автокөлікке оқ жаудырған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Екі ер адамның іс-әрекетіне қатысты Түрксіб ауданының полициясы қылмыстық іс қозғады.
«Алматы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері атыс қаруы бар екі адамды ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады полиция.
Тергеу жалғасып жатыр.
Айта кетейік, Астанадағы дәмханада 20 адам астан уланды. Оның 10-ы ауруханаға жатқызылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: