Қазақстан жаңалықтары11 сәуір 2025, 10:13

Алматыда ер адамның 9 жастағы балаға жасаған сұмдығы елдің жағасын ұстатты

Алматыда екі ер адам балаға сұмдық әрекеттер жасады, деп хабарлайды Arbat.media.

Оқиғa Алматы облысы Іле ауданындағы Өтеген батыр ауылындағы Титов көшесінде болған. Екі мас адам 9 жасар баланы сыра ішіп, өздерімен бірге жүруге шақырған. Біреуі баланың басынан ұрып, киімін жыртып тастаған. Мұны көргендер дереу араша түсіп, баланы қорғап қалды.

“Бірнеше адам қашып кетпек болған қаскүнемді полиция келгенше ұстады", - делінген әлеуметтік желіде жарияланған хабарламада.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұзақылық факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Бала, ішімдік

Тақырыпқа жаңалықтар