Алматыда газ құбыры жарылып, көлік аударылып кетті

Алматыда Бұқар Жырау мен Байзақов көшелерінің қиылысында газ құбыры жарылып, салдарынан бір автокөлік аударылып түсті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға бүгін, 16 шілде күні сағат 11:25 шамасында болды. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс кезінде «СантехКомплектГрупп» ЖШС мердігер ұйымы жаңа газ желісін сынақтан өткізіп жатқан.

Ал "QazaqGaz Aimaq" компаниясы жағдайға байланысты мәлімдеме жасап, жағдай бақылауда екенін айтты.

Төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнына жедел жетіп, қауіпсіздік шараларын қолға алған. Қазіргі таңда жарылыстың нақты себебі анықталуда.

Алматы Апат газ құбыр

Тақырыпқа жаңалықтар