Алматыда коронавирусқа қарсы вакциналар жоқ – Әсел Қалықова
Фото: stopfake.kz
stopfake.kz
Қазақстан жаңалықтары28 тамыз 2024, 17:07

Алматыда коронавирусқа қарсы вакциналар жоқ – Әсел Қалықова

Алматыда бір аптада коронавирус жұқтырғандар саны артты. Эпидемияға дейінгі маусымның басынан бастап науқастардан алынған 348 материал тұмауға тән емес инфекцияларға зерттелді, оның ішінде 115 полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісі арқылы тексерілді: 57 сынамадан риновирус, 11 сынамадан парагрипп, 22 сынамадан РС, 5- сынамадан метапневмовирус, 5 сынамадан бокавирус, 6 сынамадан -аденовирус, 9 сынамадан маусымдық коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты.

«Коронавирусты ерте анықтау жұмысы әлсіреген жоқ. Бәрі бақылауда. Қаңтардың басынан бастап Алматыда тұрғындар арасында коронавирус ауруының 302 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. Соңғы жеті күнде - 9 жағдай, бұл өткен аптада анықталған жағдайлардың санынан екі есе көп», - деді эпидемиолог.

Ол қазір Алматыда коронавирус инфекциясына қарсы вакцина жоқ екенін және денсаулық сақтау министрлігі республиканы QazVac вакцинасымен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап жатқанын айтты.

Алматы коронвирус вакцина

Тақырыпқа жаңалықтар