Қазақстан жаңалықтары30 маусым 2024, 19:55

Алматыда мопед әйелді қағып, екеуі де қаза тапты

Алматыда «Алтын Орда» базарының маңында мопед жүргізушісі әйел адамды қағып кетті. Жол апаты салдарынан екеуі де қаза тапты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 30 маусымға қараған түні сағат 02:50-де қаланың Наурызбай ауданында болды.

«Мопед жүргізушісі, 2002 жылы туған жас жігіт Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, 25-30 жастар шамасындағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Әйелдің кім екені анықталып жатыр. Апат салдарынан мопед жүргізушісі де, жаяу жүргінші де оқиға орнында қаза тапты», - делінген хабарламада.

Алматы Мопед Жол апаты қаза тапты

Тақырыпқа жаңалықтар