Алматыда мопед пен жеңіл көлік соқтығысып, жас қыз мерт болды
Алматыда мопед пен Toyota Camry көлігі соқтығысып, бір қыз мерт болды. Алматы қалалық Полиция департаментінен мәлім еткендей, жол апаты бүгін таңғы сағат алты шамасында Түрксіб ауданында болған, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Ержанов көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан мопед жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota көлігіне соғылды. Салдарынан мопед жолаушысы жас қыз жан тәсілім етті», - деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Адам өліміне әкелген жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: