Қазақстан жаңалықтары14 шілде 2025, 16:30

Алматыда өгей әкесін көптің көзінше пышақтап өлтіргендер жайлы сұмдық дерек шықты

Алматыда қаскөй ер адамды жасөспірімдердің көзінше пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Arbat.Media Alash.kz ұлттық порталына сілтеп.

SHOCK KZ телеграм-арнасының мәлімдеуінше, қайғылы оқиға 8 шілдеден 9 шілдеге қараған түні Алматы қаласындағы Ремизовка ауданында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан адам - күдіктілердің бірінің өгей әкесі. Күдіктілер – марқұмның асырап алған қызы мен оның жігіті.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Аталған факті бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тергеу қылмыстың ер адамдар арасындағы тұрмыстық жанжал кезінде жасалғанын анықтады.

Алматы өлім қаскөй сот
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
19 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар